Елде электр тарифі қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде электр тарифі қымбаттады

01.06.2023

Бүгіннен бастап қазақстандықтар электр энергиясын жаңа тарифпен төлейді. Кей өңірлерде электр жарығы 17 пайызға дейін қымбаттаған. Энергия өндіруші компаниялар жабдықтардың тозуы мен шығындардың көбеюіне байланысты тарифті өсіруді сұраған. Атап айтқанда, Риддерде тариф 13 теңгеден 18 теңгеге дейін өсті. Ал Екібастұзда 8 теңгеден 11 теңгеге қымбаттады. Алматы станциялары тарифті 3 теңгеге дейін қымбаттатты. Бұған дейін қала жұрты 11 теңгеден төлеген болса, енді 14 теңгеден есептеледі. Ал Қарағандыда тариф 9 теңгеден 12 теңгеге дейін өсті. Маңғыстаулықтар 14 теңгеден төлесе, енді 18 теңгеден төлейді. Ең қымбат тариф Семейде. Мұнда 8 теңгеден 19 теңгеге дейін көтерілген.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу