«JASTAR» сараптамалық алаңында елордалық жастар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«JASTAR» сараптамалық алаңында елордалық жастар бас қосты

31.05.2023

Қазақ айдентикасының өткені мен бүгіні. Аталған мәселе елордалық жастар бас қосқан «JASTARx» сараптамалық алаңда талқыланды. Сонымен қатар шараға қатысушы тарихшылар мен қоғам белсенділері қазақ айдентикасы жайлы, жалпы оның қалыптасуы мен дамуы жайлы ақпарттармен бөлісті. Жастармен пікір алмасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат жастардың қабілетін шыңдап, олардың табысты әрі үздік болуына бағыт-бағдар беру.

Әйгерім Серікжанова, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары:

Кез келген өзгерістің қозғаушы күші жастар. Сол үшін біз тарихқа үңіліп, бұрындары қазақ жастары қандай болды? Олар тарихқа қандай үлес қосты. Ал қазіргі жастар бірегейлікке қандай үлес қосып жатыр. Яғни, өткен мен бүгінгі күнді байланыстырып, болашаққа шолу жасауға тырысамыз.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу