Президент төменгі палата төрағасын қабылдады. Ерлан Қошановтың мәлімдеуінше, Мәжіліс сайлаушылармен жұмысты күшейткен. Депутаттар халықтың өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады. Сондай-ақ сессия басталғалы 75 заң жобасы қаралып, 14-і Сенатқа жолданды. Жуырда 2022 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді. Бұдан бөлек Мәжіліс биыл маусым айында БҰҰ-ның қолдауымен Орталық Азия әйелдері диалогының бірінші отырысын өткізбек.
Шерхан Жамбылұлы