Жаңаөзенде қызметкерлерді жұмыспен қамту тетіктері пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде қызметкерлерді жұмыспен қамту тетіктері пысықталды

30.05.2023

«БерӘлі Маңғыстау» компаниясының бұрынғы жұмысшыларына осыған дейін алып келген жалақы мөлшерін сақтау ұсынылды. Жаңаөзенде осыған қатысты жиын өтті. «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамының басшылығы бұрынғы қызметкерлерді «МөлдірМұнайСервис» компаниясына жұмысқа орналастыруды ұсынып отыр. «БерӘлі» серіктестігінің жұмысшылары ұсынылған шарттарды қарастыруға уақыт сұрады. Жиында ұңғымаларды жөндеу қызметін сатып алуға тендер 3 жыл мерзімге өткізілетіндігі де айтылды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу