Алматыдағы «Алатау» базарында Tiger Coffee & Food тез тамақтану орны ашылды. Бұған дейін кинотеатрлар мен сауда орталықтарында жұмыс істеп келген фаст-фуд желісінің директоры, біздің тағамдарымыз тұрғындарға қолжетімді болу керек дейді. Енді базар мен оның төңірегіндегі саудагерлер және келушілерге дәмді тағамдар ұсынылып, сапалы қызмет көрсетіледі.
Бұл сәтті Алатау базарында істейтін саудагерлер көптен күткен сыңайлы. Өйткені фаст-фуд желісінің ашылу салтанатына жиналғандардың қарасы қалың.
Бауыржан Сатов, актер:
Енді осы базарда істейтін көптеген адамдар келіп, кофені ішіп, тамағын жесе болады. Ең бастысы бағасы қол жетімді. Ең мықты кофе, оны жарнама ретінде айтып отырған жоқпыз. Шын мәнінде біз отбасымызбен ішетін ең сүйікті кофеміз.
«Тайгер кофе» фаст-фуд желісінің бүгінде еліміздің 10 қаласында 23 сауда нүктесі бар. Осыдан бес жыл бұрын жұмысын бастап, Алматының барлық кинотеатры мен ірі сауда орталықтарында ашылып үлгерген. Осы уақыт аралығында тамақтың сапасы, жоғары деңгейдегі қызмет және қолжетімді бағаның арқасында халық арасында танымал брендке айналған.
Олжас Әлжанов, актер:
Фаст-фудты көбіне мұндай жерлерде сатпайды. Көп адамдар фаст-фуд жегісі келеді ғой базарда жүрген кезде. Енді «Алатау» базарына жақсы жаңалық бұл.
Тез тамақтану орны Алатау базарының 4 блогы, 2-қабатта орналасқан. Бұл жерде көпшілік сүйсіне жейтін жеңіл ас жеп, дәмді кофе ішуге мүмкіндік бар.
Нұрсұлтан Тілектес