Түркістан облысындағы кей егістік алқаптарға ағын су жеткізілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы кей егістік алқаптарға ағын су жеткізілмеді

26.05.2023

Түркістан облысының Жетісай ауданында егістік алқаптарға әлі ағын су жеткізілмеді. Себебі Мырзашөл өңіріне Өзбекстанның Достық каналынан келетін судың көлемі жеткіліксіз. Жағдай күрделене түскен соң Жетісай ауданына келген Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасарышаруалармен кездесіп, каналдың жөндеу жұмыстарын көрді. 13 млрд теңгесіне салынған каналдың қазіргі жағдайы сын көтермейді. Салынғалы жөндеу көрмеген, су өткізу қабілеті де төмен. Шаруаларға дәл су керек кезде канал жөнделіп жатыр.

Талғат Әшеков, диқан:

2008 жылы осы машканалды салған. Осы тәуелділік, осындай жағдай болады деген кезде бізді құтқарады деген. Бірақ осы 2012 жылдан бері осы каналдың бір игілігін көріп отырған жоқпыз. Алдағы уақытта ауданға осы су жүйелерін ретке келмейтін болса, соңғы бес жылда біздің аудан көшеміз басқа жаққа.

Достық канал арқылы екі ауданға 40 текше метр су келуі керек. Алайда қазір тек 25 текше метр су беріледі. Сондықтан жетпей тұрған су көлемін осы каналды жөндеу арқылы қамтамасыз етеміз дейді. Яғни жөндеу жұмыстары маусымның біріне дейін толық аяқталады.

Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары:

Наурыз, сәуірде тұрған кезде осы кезде дайын болар еді. Енді қырық күндей насос қосылды ғой. Сондай жағдайға байланысты көктемде бірінші рет қосылды. Қазір жоқ емес, ремонтты бастап ашып істеп жатыр. Бірақ енді соған уақыт керек болып тұр ғой.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу