Абай облысындағы орман өртін сөндіруге 10 тікұшақ жұмылдырылды. Олар Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиесілі. Қазірге дейін әуеден 52 рет 130 тоннадай су шашылды. Қызыл жалынмен күреске жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200 техника мен өрт сөндіру пойызы да тартылған. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы 3,5 мың гектардай аумақты жалын шарпыған.
Серік Селеубай