Қызыл теңізде теңіз кірпілері қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызыл теңізде теңіз кірпілері қырылып қалды

25.05.2023

Қызыл теңізде аса қауіпті індеттен теңіз кірпілері қырылып қалды. Су жануарларының орасан зор популяциясы екі аптада жойылған. Енді экожүйенің тепе-теңдігіне, атап айтқанда Израильдің маржан рифіне қауіп төніп тұр. Себебі теңіз кірпілері оларға күн сәулесін түсірмей тұншықтыратын балдырлармен қоректенеді. Індет алдымен Жерорта теңізінде басталған. Израиль ғалымдарының айтуынша, кірпілердің жойылуына біржасушалы паразиттер себеп болса керек. Елдегі ұлттық саябақтар мен қорықтар басқармасы маржин рифін қорғау үшін шұғыл шараларды қолға алмақ.     

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу