Әбіш Кекілбаев - 75 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбіш Кекілбаев - 75 жаста

06.12.2014
Әбіш Кекілбаев - 75  жаста

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6-желтоқсанда Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүниеге келген.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы «Лениншіл жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі.

1962-1965 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарды.

Алғашқы өлеңдер жинағы 1962 жылы «Алтын шуақ» атауымен жарық көрді.

 «Дәуірмен бетпе-бет», «Бір уыс топырақ» (1974 ж.), «Тырау тырау тырналар», «Ұйқыдағы арудың оянуы» (1979 ж.),   «Шыңырау» (1982 ж.), «Заманмен сұхбат» (1995 ж.) «Азаттықтың ақ таңы» (1998 ж,) «Талайғы Тараз» (2001 ж.), «Шандоз» (2002 ж.), «Сыр десте» (2009 ж.) еңбектерінің авторы.

«Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

 1986 жылы ҚазССР Мемлекеттік сыйлығымен, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен, 1999 жылы «Отан», 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығының» иегері атанды.

Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутаттыққа сайланады.

 

Хабарламаларға жазылу