Үндістанда аптап ыстық. Соңғы күндері ауа температурасы 42-44 градустан түспей тұр. Ел астанасы Нью-Делида қапырық. Сынап бағанасы 45 градусқа дейін жоғарылаған. Күннің қатты ыстығы аграрлық мемлекеттің әсіресе егін шаруашылығына оңай соқпай тұр. Фермерлер зардап шегуде, олар табыссыз қаламыз деп қауіптенеді. Қолда бар қаражатын тыңайтқыштарға жұмсауда.
Арыстан Рысбек