Қарағандыда бес қабатты үйдің шатыры жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда бес қабатты үйдің шатыры жанып кетті

22.05.2023

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде балкон өртеніп, тілсіз жау шатырды түгел шарпыды. Улы түтіннен тұрғындарға қауіп төнгендіктен 37 адам эвакуацияланды. Оның 10-ы балалар. Барлығы да уақытша қауіпсіз жерге орналастырылды. Өрт екі сағат дегенде өшірілді. Тұрғындар аман.

Мұрат Қатпанов, Облыстық ТЖД басшысы:

Бесінші қабатта орналасқан балкон жанып, одан кейін үйдің төбесіне көшкен. Жалпы 840 шаршы метр аумақ оттың астында қалды. Қазіргі кезде ТЖД мен анықтау бөлімінің мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу