Елімізде алғаш рет «Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты форсайт-сессия ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет «Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты форсайт-сессия ұйымдастырылды

17.05.2023

Елімізде алғаш рет «Ұлттық тәрбие - ел болашағы» атты форсайт-сессия ұйымдастырылды. Яғни қоғамдағы проблемаларды ақылдаса, бірлесе отырып шешу әдісі. Сессия жұмысы 20 мыңнан астам ғалым, ұстаз бен ата-ана арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне негізделді. Сұрақтар ұлттық құндылықтар, қазақ тілі, жасөсіпірімдерді еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ар-намыс қағидаттарын сақтау сынды бағыттарды қамтыған. Аймақтардан, ауылдық жерлерден жиналғандар басқосуда бұдан бөлек өзге де қоғамда орын алып отырған проблемалар төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Оларды шешу жолдарын қарастырды. Ғаламтор кеңістігінің тәрбиедегі кері әсері де сессияның басты тақырыптарының бірі болды.

Дархан Ермаханұлы, Халықаралық қоғамдық қордың президенті:

Әлеуметтік желілерді дұрыс контенттермен толтыру мәселесі, тәрбиелік мәні бар, ұлттық құндылықтарға негізделген контенттерді толтыру мәселесін алға тартып отырғанын көріп отырмыз. Тек қана мектеп емес, ата-ана да ұстаздармен бірлесе отырып, осы мәселені қолға алған жағдайда ғана көп мәселені шеше аламыз деген ойдамыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу