Саясат Нұрбек: Университеттеріміздің 70% ғылыммен айналыспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саясат Нұрбек: Университеттеріміздің 70% ғылыммен айналыспайды

24.08.2022

Елордада алғаш рет ғылым және жоғары білім форумы өтуде. Оған жоғары оқу орындарының басшылары мен топ-менеджерлер, оқытушылар және жас ғалымдар шақыртылған. «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» тақырыбына арналған жиын форсайт-сессия форматында ұйымдастырылған. Сала мамандары қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістерін мен жаһандық трендтерге сай жоғары білім беру мен ғылым жүйесін дамыту бағыттарын талқылауда.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

Өкінішке қарай қазіргі университеттеріміздің 70 пайызы ғылыммен айналыспайды. Олар оқытушы университеттер. Біздің мақсатымыз - университеттерді зерттеу университеті моделіне көшіру, және ғылым институтттарын бізбен ұштастырып, phd6 студенттік зерттеулердің қолданбалары арқылы жастарды ғылымға тарту, қазіргі кезде маман тапшылығы бар.

Хабарламаларға жазылу