Лондонда қазақ халқының ұлттық нақыштағы мұрасы насихатталған көрме өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда қазақ халқының ұлттық нақыштағы мұрасы насихатталған көрме өтіп жатыр

17.05.2023

Лондонда қазақ халқының ұлттық нақыштағы мұрасы насихатталған көрме өтіп жатыр. Автор абстракция стилінде салынған суреттерінің жаңа топтамасын жарық тақырыбымен байланыстырыпты. Ол туындыларына ұлттық рең беріп, картиналарын «Шаңқобыз», «Киіз үй», «Қосын» және «Өрнек» деп атаған. Осы арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын көрсетуге тырысқан. Суретші Айғана Ғалидың туындыларын халықаралық сарапшылар жоғары бағалады.

Нико Кос Ерл, көрме кураторы:

Автордың төл мәдениетіне өте жақын екендігін және оны жоғары бағалайтынын анық аңғаруға болады. Ол Ұлы даладан бастау алатын Тәңіршілдік идеясын жеткізуге тырысқан. Бірақ оның шығармашылығының дінге еш қатысы жоқ, абстрактылық өнер.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу