Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына арналған көрме ашылды

03.10.2022

Ахмет Байтұрсынұлына арналған көрме ашылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары Орталық музейде Ұлт ұстазының өмірімен, ғылыми құжаттарымен жақынырақ таныса алады. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен ахметтанушылар қатысып, ағартушының өнегелі өмірінен мәліметтер берді. Ахмет Байтұрсынұлы жан-жақты, парасатты тұлға болған. Публицистикалық мұрасы бір төбе. «Қазақ» газетінің және «Қазақ» радиосының ұйымдастырушысы. Сондай-ақ, қазақ ән өнерін зерттегенін біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан, ағартушының мұрасын зерделеуді, дәріптеуді тоқтатпау керек дейді ғалымдар.

Анар Фазылжанова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

Мықты ұлттық мәдениеттер әлсіз мәдениеттерді жұтып жіберуі әбден мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде өзіміздің ұлттық бет-бейнемізді сақтау үшін Байтұрсынұлының мұрасы - өте құнды мұра.


Хабарламаларға жазылу