Электр энергиясының тапшылығы таяуда Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінде болуы мүмкін. Бұл мәселе бүгін Астанада энергетикалық қауіпсіздік тақырыбына арналған халықаралық басқосуда кеңінен талқыланды. Қатысушылар Орталық Азия елдерінде электр энергиясына деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Ал Қазақстанда бұл мәселені «жасыл энергетика» немесе атом электр энергиясы арқылы шешуге болады деп отыр. Мамандардың сөзіне сенсек, атом технологиясы медицинада, ауыл шаруашылығы салаларында бұрын қолданылған. Әрі ол қоршаған ортаға зиянсыз дейді.
Бауыржан Ибраев, Орталық Азиядағы NNWI консультативтік кеңесінің төрағасы:
Қонақтар «жасыл энергетика» ұсынды. Көміртегінің ізін қалай азайтсақ, күннің электр қуатын, желдің немесе атомның. Осыны талдасақ деген ойлары бар.
Райхан Сайранбек