Қазақстандық құрылыс компаниялары құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құрылыс компаниялары құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұр

17.05.2023

Қазақстандық құрылыс компаниялары құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұр. Құрылысшылар осылай деп дабыл қақты. Себебі елде саланы ынталандыратын сапалы бағдарлама жоқ. Қарапайым халық дайын пәтерлерді сатып ала алмайды. Есеп бойынша қазір Қазақстан халқының төрттен бірі баспанаға мұқтаж. Ал несие бағдарламалары тиімсіз. Құрылыс тұраласа оның салдары өзге салаларға да тиеді, мыңдаған адам жұмысынан айырылады дейді олар.

Дәурен Ағзымов, Тас өңдеу саласы одағының төрағасы:

Халық үй алу үшін несиенің проценті жоғары. Осындай проблема болып тұр. Сол пәтерлер өтпей жатыр. Үй өтпесе бұлар келешекке жоспар құра алмайды. Ол несиені қашан төмендетеді? Қашан ашық бағдарлама болады? Оны бұлар түсінбей жатыр. Бізге 5 жылға 10 жылға бағдарлама бола ма болмай ма? Бізде ондай жоқ дейді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу