15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Мейрам қарсаңында Өскеменде «Отан отбасынан басталады» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күні қала халқы мен қонақтар этноауылда бас қосты.
Рухани құндылықтың қайнар көзі - отбасы. Отан отбасынан бастау алатынын бүгінгі ұрпаққа насихаттау түпкі мақсатымыз, дейді шараны ұйымдастырушылар. Өскеменнің сол жағалау кешені этноауылда жиылған тұрғындарға қала өнерпаздары әннен шашу шашты.
Данияр Мерғалиев, ШҚО мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК директоры:
Мерекелік концерт осы мұражай қорықта дайындық үстіндеміз. Бүгінгі концертке бірнеше ұжымдар қатысып отыр. Хор қатысып отыр. Және де хореографиялық ұжымдар қатысып отыр.
Үлгілі отбасы – елге өнеге. Осындай жанұяның бірі – Қадыхановтар отбасы. Ерлі-зайыптылардың отау құрғандарына – 19 жыл.
Қадыхан Манай, қала тұрғыны:
Енді отбасы құндылығы үшін жалпы мұндай отбасылық мерекелер жиі өтіп тұрса. Мұны қалыптастыру керек. Жыл сайын әр отбасында отбасы болып бала-шағалармен демалысқа шығып, өзінің отбасында жақсы тойлатып атап өтсе қандай жақсы.
Сондай-ақ, мұндай шаралар Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінде тойлануда. Ал ертең «Қыз сыны» сайысы өткізіліп, «Шығыстың үздік отбасысы» сайысының қорытындысы анықталмақ.
Шынар Дүйсенғали