Пәкістан соты экс-премьер Имран Ханды екі аптаға кепілмен босатуға бұйрық берді. Бұған дейін елдің Жоғарғы соты Ханның заңсыз тұтқындалғанын дәлелдеп, қаулы шығарды. Оппозиция лидері былтыр сәуірде биліктен аластатылған. Содан кейін оған коррупция, терроризм баптары бойынша айып тағылды. Алайда, Имран Хан мұның бәрін жоққа шығарып, өзінің парламенттік сайлауға қатысу жоспарын жариялағасын қудаланғанын мәлімдеп отыр. Айта кетсек, Имран Хан қамалғаннан кейін оның мыңдаған жақтасы жаппай шеруге шықты. Демонстрациялар тәртіпсіздіктерге ұласып, 8 адам қаза тапқан. 2 мыңдай адам тұтқындалды.
Арай Төлегенқызы