«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды

13.03.2020
«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды

Лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталды. Бапкермен байланыста болған құраманың негізгі құрамы мен клуб мүшелері екі аптаға оқшауланады. Сондай-ақ «Арсенал» жаттықтыру орталығы жабылды, жақын арада болатын Англия чемпионатындағы клубтың матчтары болмайды. 

Канада премьер-министрінің әйелі Джастина Трюдо Софи де коронавирус жұқтырды. Ол таяуда Ұлыбританиядан оралған. Ел премьері әйелінен індет белгілерін байқаған кезде бірден үйден жұмыс істеу туралы шешім қабылдаған екен. Премьер-министрдің өзінде вирустың ешқандай белгілері жоқ екені анықталды.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 131 846-ға жетті. 69 847 адам емделіп, ауруханадан шығарылған. 4948-і көз жұмған.

Қытайда коронавирусты жұқтыру дерегі 17 қарашада тіркелгені белгілі болды. Бұл туралы South China Morning Post газеті хабарлады. Індет Хубэй провинциясының 55 жастағы тұрғынынан анықталған. Негізі қараша айында вирус таратушы 9 адам тіркелген, алайда олардың қайсысы бірінші жұқтырғаны белгісіз.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу