Қостанайдағы әлеуметтік жатақхананың бірінде қандала қаптап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы әлеуметтік жатақхананың бірінде қандала қаптап кеткен

12.05.2023

Қостанайдағы әлеуметтік жатақхананың бірінде қандала қаптап кеткен. Тұрғындар бұл зарарсыздандыру жұмыстарының уақытында жүргізілмеуінің салдары дейді. Зиянкестер жайлаған жатақханада әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын 64 отбасы тұрады. Адам саны 200-ден асады. Олар 4 жылдан бері зиянкестерді жою үшін ешқандай кешенді шара жүргізілмегенін айтады.

Олеся Горбатовская, жатақхана тұрғыны:

Ешқандай дезинфекция болған жоқ. Қандаланың көптігінен мұнда тұру қиындады. Түрлі зарарсыздандырғыш заттар сатып алып, өз бетімізше күресіп жатырмыз. Бірақ одан нәтиже шамалы.

Бұл жатақхана қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне қарайды. Мамандар әр тоқсан сайын тиісті шаралар жүргізіледі деп отыр. «Ал қандаланың қаптауына тұрғындардың өздері кінәлі. Мысалы олардың дені бұрын ұсталған ескі жиһаздарды сатып алады. Зиянкестер солармен бірге келеді», - дейді. Кешенді дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін жатақхана тұрғындарын жаппай шығару керек. Ал олардың басқа барар жері, басар тауы жоқ.

Меруерт Көпенова, жатақхана коменданты:

Адамдар өздері кінәлі. Нәрсенің бәрін сырттан әкеледі.Сосын жиналмайды бөлмелері. Коридор, кухня таза болмайды. Неше түрлі тастайды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу