Судандағы соғысушы тараптар келісімге келе алмады. Бірақ бейбіт халықты қорғауға және гуманитарлық көмектің өтуіне кедергі жасамауға уағдаласты. Бұл Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан келіссөздердің нәтижесі. Суданда үкімет армиясы мен жедел қолдау күштері арасындағы билік үшін шайқас сәуірдің 15-де басталды. Содан бері жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын көрші елдерге қашып жатыр.
Арыстан Рысбек