Елде көлік салығын мәжбүрлеп төлету басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде көлік салығын мәжбүрлеп төлету басталады

11.05.2023

Автомобиль өндірушілер бірқатар салықтан босатылады ал, көлік құралдарының салығын уақытылы төлемегендердің банктік шоттары бұғатталады. Мемлекеттік кірістер комитеті осындай ақпарат таратты. Салықты төлеудің шекті мерзімі 1-сәуірге дейін деп белгіленген. 4-сәуірден бастап, тұрғындарға ескерту жіберіліпті. 30 күннің ішінде төлемегендерге салықтық бұйрық шығарылады. Осы құжаттың негізінде 26-мамырдан бастап борышкерлердің ісі сот орындаушыларына жіберілмек. Олар тиісінше, мүліктері мен есепшоттарын бұғаттайды. Онымен қоса, қарыз үстінен тағы 25 пайызын өз пайдасына өндіріп алады.

Мадияр Жолымбетов, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:

2023 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша 708 мың қазақстандықтың 28,7 млрд салық берешегі бар. Оның ішінде негізгі салық 27,4 млрд көлік салығы 1,3 млрд мүлік салығын құрайды.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу