Беларусь Республикасында сотталған екі отандасымыз елге экстрадицияланды. Олар енді жазасын Қазақстанда өтейтін болады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабаралады. Отандастырымыздың бірі аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 5 жылға, екіншісі құжаттарды ұрлау, тонау деректерімен 7 жыл 6 айға сотталған. Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен сотталғандарды Қазақстанға жеткізді. Қазір олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.
Асылбек Данияр