Қақтығыс өршіген Судан астанасы Хартум тұрғындары электр қуатына зәру. Қаланың кейбір аудандарында 6 күн бойы жарық жоқ. Сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындауда. Африкалық мемлекетте билікке таласушы топтар арасында қақтығыстың басталғанына 3 аптадай уақыт болды. БҰҰ тараптарды келіссөздер жүргізуге шақырды. Жағдай осылай жалғаса берсе, аймақ елдеріне гуманитарлық дағдарыс қауіп төндіріп тұр.
Арай Төлегенқызы