Екібастұз тұрғындары қараша және желтоқсан айы үшін электр қуатына ақша төлемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз тұрғындары қараша және желтоқсан айы үшін электр қуатына ақша төлемейді

27.12.2022

Екібастұз тұрғындары қараша және желтоқсан айы үшін электр қуатына ақша төлемейді. Монополист компания шығынды өзі жабатын болды. Қазір апат салдарынан қатты зақым келген 51 пәтер жөнделіп болып қалды. Одан бөлек 300-ден аса пәтер иесінен шағым түсті. Оларға да көмек көрсетіледі дейді жылу орталығының басшылығы.

Бағдат Орал, «Орталық Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:
Біз тұтынушыларға бір айлық тұтыну көлемі бойынша қаржылай көмектесеміз. Біздің статистикалық мәлімет бойынша бір айда біздің Екібастұз қаласының тұрғындары шамамен 220 млн теңгеге сәйкес электр энергиясын тұтынады. Сондықтан «ЕкібастұзЖылуЭнерго» жағынан «ЕкібастұзЭнерго» мекемесіне 240 млн теңге қаржы аударылды.

Бүгінгі күні Екібастұз қаласында жылуға қосылмаған жалғыз мектеп қалды. 30-ға тарта көпқабатты үйдің іші әлі де қоңыржай. Жылу орталығында 4 қазандық қана жұмыс істеп тұр. Тағы екеуі кешке дейін қосылады деп сендірді қала әкімі.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу