Шымкент, Түркістан өңірлерінде оқушылар онлайн оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент, Түркістан өңірлерінде оқушылар онлайн оқиды

05.05.2023

Шымкент, Түркістан өңірлерінде екпіні қатты жел әлі басылған жоқ. Бірнеше көшенің бойында ағаштар құлап, автокөліктерді басып қалды. Табиғат апатынан электр желілері үзіліп, бірқатар абоненттер жарық және ұялы байланыстан ажырап қалды. Көшелерде көлік кептелісі көбейді. Жылдамдығы секундына 23-25 метрге дейін жеткен шаңды дауыл, сондай-ақ көпқабатты үйлердің қасбетіне жапсырылған қыш тақталарды да жұлып түскен. Тоқтаусыз желден мегаполистегі 1 мен 8 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Төтенше жағдайлар қызметі жел ертеңге дейін тоқтамайды деді.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу