Маңғыстауда Жетібай ауылы маңында ұңғымадан мұнай төгілді.
Бейнежазба бойынша құзырлы мемлекеттік орган мамандары тексеру жүргізіп, мұнай төгілген аумақтың «Шалва» және «Каминистое нефть» кен орындарына тиісілі екенін анықтады. Алайда аталған серіктестіктер 2017 жылдан бері қызметін тоқтатқан болып шықты. Сондықтан бүлінген жерді залалсыздандыру үшін, өзге мұнай компаниясына өтініш жолданып, қазір аумақта тазалау жұмыстары жүргізілуде.