Маңғыстау облысында жер бетінде жарықшақ пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жер бетінде жарықшақ пайда болды

21.11.2023

Маңғыстауда Жетібай ауылы маңында жер бетінде жарықшақ пайда болды. Жердің ойылуы «Асар» кен орнынан солтүстік бағытта орналасқан «ГУ-28» деп аталатын аумақта тіркелген. Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиғаның себеп-салдарын анықтап, зерделеу үшін, мұнай компаниясы тиісті мекемемен шарт жасауда. Сондай-ақ тұрғындар мен шаруа қожалықтары иелерінің қауіпсіздігі үшін, жерді тегістеуге арнайы техника бөлінген.

Аягөз Оралбайқызы


Маңғыстау облысы

Хабарламаларға жазылу