Шымкентте жасөспірімдер арасында қылмыс өршіген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жасөспірімдер арасында қылмыс өршіген

04.05.2023

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында қылмыс өршіген. Биылғы үш айдың өзінде оқушыларға қатысты 30 қылмыстық іс қозғалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мектептерде жиі тәртіп бұзатын, ұстаздар мен ата-анаға бағынбайтын 104 бала полицияның арнайы есебіне алынған. Мұнан бөлек, мегаполисте ата-ана рұқсатынсыз үйден кетіп қалу дерегі көбейген. Оқушылар арасында қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың жиілеуіне байланысты білім басқармасы жанындағы комиссия 56 рет жиын өткізді. Онда жауапкершілігін ұмытқан ата-аналар мен тәртіпсіз балалардың мәселесі қаралған.

Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

Білім басқармасы жанындағы комиссияда биылғы үш айдың ішінде екі ата-ананы ата-аналық құқығынан айырдық. Одан бөлек 8 оқушыны бейімдеу орталығына жібердік, 28 оқушыны кешкі мектепке ауыстырдық. 


Хабарламаларға жазылу