10 мамырдан бастап Ұмай ипотекасына өтініштерді қабылдау басталады. Тұрғын үй бағдарламасы әйелдерге арналған. Бастапқы жарна 15-20 процент. Ал несие мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Мөлшерлемесі алғашқыда 14,4 пайыз. Кейін 5 және 3,5 процентке дейін төмендейді. Бағдарлама бойынша жаңа немесе қолданыста болған үйлерді де ала беруге болады. Тек оның бағасы 30 миллион теңгеден аспауы керек. Өтініш беру кезінде табысты растау міндетті.
Досжан Маратұлы