Маңғыстауда игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды

03.05.2023

Маңғыстауда 356 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Себебі шаруашылықтарға берілген жерлерде мал санының жетпейтіндігі анықталған. Аймақта ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Тексерулер нәтижесінде әртүрлі серіктестіктерге тиесілі пайдаланылмай жатқан жерлер табылды. Мамандар шаруаларға заң талаптарын түсіндірген соң олардың бірқатары меншігіндегі жерлерді өз бетімен қайтарған. Бұл істе Қарақия мен Түпқараған аудандары көш басында тұр. Пайдаланылмаған жерлер Маңғыстау, Бейнеу және Мұнайлы аудандарынан да анықталған. Сондай-ақ жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде 68 мың гектарға жуық жері бар 85 жер пайдаланушы төрт түлігін арнайы базаға тіркеген.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу