Әлемдегі ең ірі банктердің бірі «Morgan Stanley» 3 мыңға жуық қызметкерін қысқартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ірі банктердің бірі «Morgan Stanley» 3 мыңға жуық қызметкерін қысқартады

03.05.2023

Әлемдегі ең ірі банктердің бірі «Morgan Stanley» 3 мыңдай қызметкерін қысқартпақшы. Қаржы мекемесі бұл жоспарын екінші тоқсанда жүзеге асыруды жоспарлап қойған. «Рейтер» агентігінің хабарлауынша, инвестициялық банкті мұндай қадамға келісімдердің баяу жасалауы итермелеп отыр. Әрі нашар экономикалық ахуал да өз ықпалын тигізуде. Айта кетейік, «Morgan Stanley» банкі, жарты жылда қызметкерлерін екінші мәрте қысқартпақ. Айта кетсек, АҚШ пен Еуропаның ірі банктеріне биыл көктемде «Silicon Valley Bank» банкротқа ұшырауы кері әсірін тигізіп жатыр.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу