Суданнан қашқандар саны 800 мыңнан асуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданнан қашқандар саны 800 мыңнан асуы мүмкін

02.05.2023

Қарулы қақтығыс жүріп жатқан Суданнан қашқандар саны 800 мыңнан асуы мүмкін. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары Рауф Мазой мәлімдеді. Оның сөзінше, босқындар Суданға көршілес Оңтүстік Судан, Чад, Мысыр, Эритрея, Эфиопия, Орталық Африка Республикасы, Ливия сияқты жеті елге бас сауғалап жатыр.

Суданда үкімет армиясы мен жедел қолдау күштері арасындағы билік үшін шайқас сәуірдің 15-де басталды. Содан бері 500-ден астам адам қаза тауып, мыңдағаны жараланған.

Бусейна Мұхамед Араби, босқын:

Біздің ауылымызға да шабуыл жасалды. Ал кейбіреулер үйлерінен қашып бара жатып, оққа ұшып, мерт болды. Балаларымыз бен немерелерімізді алып Чадқа жаяу келдік.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу