«Орловская» кен орнындағы апаттан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орловская» кен орнындағы апаттан 2 адам қаза тапты

17.06.2020

Хабарымызды төтенше оқиғалардан бастаймыз. Шығыс Қазақстан облысындағы «Орловская» кен орнындағы апаттан екі жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болған. KAZ Minerals корпоративті тобы департаменті өкілінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше кешкі сағат ондар шамасында тіркелді. Апат «Востокцветмет» серіктестігіне қарасты өндірістік кешендегі кеніште болған. Тағы бір адам зардап шекті. Ол қазір ауруханада жатыр. Бүгінде оқыс оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу