Қостанай облысының Силантьев елдімекені қасындағы шағын көлдің балығы қырылды. Салмағы 15-100 грамм аралығындағы шабақтар өліп қалған. Өлекселердің жалпы салмағы 427 келі. Мамандар «бұл жағдайға көлдің таяздығы мен мұздың қалың қатуы» себеп дейді. Судың тереңдігі 1 метрге де жетпейді. Балық өлекселері жиналып, санитарлық нормаларға сәйкес жойылды.
Дәуренбек Әбдібек