СҚО-дағыТереңкөл көлінде балық қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағыТереңкөл көлінде балық қырылды

26.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тереңкөл көлінде балық қырылды.

Қазіргі таңда судан алынған сынама мен өлексе арнайы сараптамаға жіберілді. Мамандар жағалауға шығып қалған 100 келі мөңкені жинап, тиісті талаптарға сай жойды. Былтыр облыстағы көлдерде балық қырылудың 9 дерегі тіркелген еді.

Ильдар Кәкімов, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы:

Оқиға орнына бірден жауапты орган өкілдерінен құрылған жұмыс тобы жетті. Балықтың қырылу себебі анықталады. Алдын ала болжам бойынша су маржандары ауа жетпей тұншыққан. Өйткені көл өте таяз, қыста толықтай қатып қалған.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу