Сенатор: Алматы мен Жетісу облыстарында су қоймасын салу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор: Алматы мен Жетісу облыстарында су қоймасын салу қажет

27.04.2023

Алматы мен Жетісу облыстарында су қоймасын салу қажет. Сенатор Жанболат Жөргенбаев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында суармалы жерлердің көлемін арттыру тетіктерін ұсынды. Мысалы, аймақтағы өзендерде өсімдіктерді баптау үшін су тапшылығы байқалады. Су қоймалары салынса, егістікті қажетті тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту артады. Балқаш ауданындағы Тасмұрын магистральдік каналының бойын шөгінділер мен су өсімдіктерінен, бұталардан тазарту керек деді санатор.

Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қорғас, Өсек, Тышқан өзендерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, осы өңірде су қоймаларын салу мәселерін қарастыру. Суару каналын пайдаланудың тәртібін белгілейтін ережені бекіту және сарқынды суларды ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану және оларды есептеу әдістемесін әзірлеу іс-шараларды қабылдауды сұраймын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу