Қыстай Екібастұз қаласы халқын жауратқан жылу электр орталығына 3 млн теңге айыппұл салынды. Бұл жолы жылуды жеткілікті бермегені үшін емес, тұрғындарды түтінге тұншықтырғаны үшін. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының соңғы үш күнінде тұрғындар қара түтіннен көз ашпай, жағымсыз иіске тұншыққан. Шағын шаһарды әлекке салған бұл мәселені біз өткен жаңалықтарымызда айтқан едік. Іле бақылаушы органдар тексеріс жүргізуді бастаған болатын. Бастапқыда жылу қазандықтарындағы көмір қалдықтары өртеліп жатыр деп ақталғанымен, стансада апаттық жағдай орын алғаны белгілі болды. Басшылық бұны тұрғындарға дер кезінде хабарламай, жылы жауып қоймақ болған.
Болат Аманбаев