Елімізде 18 жасқа толмаған 188 мыңнан астам ерекше бала бар. Олардың диагнозы, ауру деңгейі әртүрлі болғаныман, толғандыратын мәселелері ортақ. Ата-аналар мемлекеттен берілетін мүгедектер арбасы мен ортопедиялық аяқ киімнің сапасыз екенін айтып, шағымданды. Арзан материалдан жасалып, жағымсыз иіс шығарады дейді.
Үш баланың анасы Арайлымды мемлекеттен берілетін ортопедиялық аяқ киімнің сапасы қынжылтады. Сүт кенжесі Даниял сал ауруының ауыр түріне шалдыққан. Жылына қысқы және жазғы деп 2 рет қана берілетін аяқ киім арзан болғандықтан, жайсыз, көп жағдайда жарамсыз дейді.
Арайлым Қанапина, Даниялдың анасы:
Ішін қарасаңыз, ешқандай жылытылмағанЖай ғана мата, тіге салған.Күзде суық болады,жүн носки кигіземіз. Мысалы, тренировкаға осындай ортопедиялық аяқ киім киеміз. Өзіміз алатын аяқ киімдер 25 мыңнан басталады, қыстық аяқ киімдер болса, 50-60 мыңға дейін барады ортопедиялық стандартта.
Даниял секілді диагноз қойылған 5 жастағы Әлижан - Гюзальдің жалғыз перзенті. Айтуынша, ай сайын ұлының еміне, оңалтуына 400 мың теңге жұмсайды. Оған қоса тегін берілетін жөргектің де сапасы нашарлап барады, дейді жас ана.
Гюзяль Әділбаева, Әлижанның анасы:
Күніне балаға 2 дана берілетін болса, біздің балаларға жетпейді, жоқ дегенде 6-8 кетеді, 3-4 айға әрең жетеді. Сапасы өте-өте төмен. Қарағандылық Гауһар Әкежанованы да осыған ұқсас түйіткілдер толғандырады. 9 жастағы Әминасы - егіздің сыңары.
Даниял секілді диагноз қойылған 5 жастағы Әлижан - Гюзальдің жалғыз перзенті. Айтуынша, ай сайын ұлының еміне, оңалтуына 400 мың теңге жұмсайды. Оған қоса тегін берілетін жөргектің де сапасы нашарлап барады, дейді жас ана.
Гауһар Әкежанова, Әминаның анасы:
Гауһар Әкежанова, Әминаның анасы:
Беріліп жатқан арба, шын айтсам, қолдану мерзімі 1 жылға да жетпейді. Баланың жасына сай емес, одан үлкен, бала өскенше келмей қалады. Осы жолы арбаны өзіміз сатып алдық, қайырымдылық көмек берді, 2 млн 209 мыңға арба сатып алдық.
Бүгінде елімізде 18 жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі 188 мың бала бар. Оның 7 мыңы - 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. 6 жасқа дейінгі ерекше балалар 48 мыңға жуықтаса, ең көбі 6 мен 16 жас аралығында. Олар 117 мыңнан асады. Жасөспірім шаққа жақындаған 15 мың ұл-қыз тіркелген. Ал Алматының өзінде ата-аналар 8600-ден астам ерекше баланы бағып отыр.
Бұл ретте қалалық әкімдікке қарасты басқарма ата-аналар тарапынан шағымдар бар екенін айтып отыр. Мәселен, арбаға қатысты 100-ден астам арыз түскен.
Аманат Сұлтанғазиев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:
Әлеуметтік порталда көптеген жеткізушілер бар. Егер де өнім беруші сапасы жоқ ортопедиялық аяқ киімді портал арқылы берілсе,мүгедектігі бар тұлғалар осы басқармаға шағым тастап,Алматы қаласы бойынша комиссия бар. Шара қабылдайды. Мүгедектігі бар балаларға жылына 730 дана подгузниктер беріледі. 1шілдеден бастап, 2 есе көбейту жоспарлануда.
Ата-аналардың үміті - сапалы, перзенті үшін ыңғайлы дүниелер ұсынылса дейді. Себебі. ерекше балаларға ерекше күтім керек екені анық
Жазира Оразқызы