Netflix Оңтүстік Кореяға алдағы 4 жылда 2,5 млрд доллар инвестиция құймақ. Бұл қаржы сериал, фильм мен ТВ-шоулар түсіруге жұмсалады. Осылайша компанияның Оңтүстік Корея нарығына 2016 жылдан бері бөлген қаржы көлемі екі есе артпақ. Бұл туралы Netflix-тің бас директоры Тед Сарандос пен Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёлдің Вашингтондағы кездесуінде айтылды. Соңғы жылдары әлемде осы елдің ойын-сауық индустриясына қызығушылық артқаны белгілі. 2021 жылы шыққан «Кальмар ойыны» - Netflix-те ең көп қаралған сериал. Бұл туындының алғашқы 28 күндегі қаралымы 1 млрд 650 миллион сағатты құраған.
Арай Төлегенқызы