Пәкістанда полиция бөлімінде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда полиция бөлімінде жарылыс болды

25.04.2023

Пәкістандағы полиция ғимараттарының бірінде екі қуатты жарылыс болды. 12 адам қаза тауып, 55-сі жараланған. Марқұмдардың 8-і - полиция қызметкері. Ал жарылыс терроризмге қарсы күрес бөлімшесінде болған. Нысан толықтай қирады. Жақын маңдағы үйлерге де зақым келген. Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосса керек. Әзірге, қастандықты ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу