Таразда 102 жастағы қария жеке куәлік алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 102 жастағы қария жеке куәлік алды

24.04.2023

Таразда 102 жастағы қария жеке куәлік алды. Ғасырдан асқан Кемелбек Шәменов соғыс көрген ардагер.

Қарияның қолына құжатын арнайы табыстау үшін көші-қон қызметі үйіне іздеп барды. Кемелбек ақсақал Түркістан облысы, Шәуілдір ауданында дүниеге келген. Соғыстан кейін түрлі салада еңбек еткен. Бүгінде қарт жауынгер 70-тен асқан қызының қолында тұрады. Қолына құжатын алған ақсақал алғыс айтып, батасын да берді. Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысы бойынша 17 соғыс ардагері бар. Олардың 11-і Тараз қаласында тұрады. Жалпы өңірде тоқсан мен жүз жас аралығындағы қариялар саны 10 мыңнан асады.

Совет Кенжебаев, қалалық Полиция басқармасы Көші-қон қызметінің бөлім бастығы:

Ол кісінің қоғамдағы орны өте ерекше. Ғасыр жасаған кісі. Бұл кісілер қазір мыңнан бір деп айтуға болады. Жыл басынан бері осындай 80 мен 100 жас арасындағы 38 қарияға жеке куәлік бердік.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу