Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болады

24.04.2023

Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болады. Әзірге ол 22 автобуста бар. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары интернетке қосулы болса жеткілікті. Қазақ және шетел әдебиеттерінің туындыларымен танысу үшін жолаушыларға автобус салонының орталық бөлігіндегі стикерлерде орналастырылған QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Жылжымалы кітапхана көркем әдебиетті оқуға тарту үшін жабдықталған. Жоба аясында қала ішімен ұзақ жүретін, жолаушылар ағыны белсенді маршруттар қамтылған.

Ләззат Ақылжанова, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

Келесі жобада қаладағы халықтың көп шоғырланатын жерлері, ол вокзал, автовокзал, аэропорт, ЦОН, банктерге қояйық деп жатырмыз. Негізі фитбейк дейді ғой, пікірлерді алып жатырмыз. Тамаша деп жатыр, керемет, мүмкіндік бар, кез келген айфон болсын, андроид болсын, бәріне де қол жеткізуге болады. Бөлек бағдарламаны көшіріп керек емес.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу