Алматыда Қазақстанның даму бағыттары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақстанның даму бағыттары талқыланды

21.04.2023

«Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы Қазақстанның даму бағыттары». Алматыда осындай атаумен халықаралық форум өтті. Жиын қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің 85 жылдығына арналды. Басқоcуға шетелдік сарапшылар, экономистер мен ғалымдар қатысты. Форум аясында экономика және қауіпсіздік, әлемдік геосаяси ахуал, әлеуметтік капитал сынды мәселелер көтерілді. Жиынға отандық білім-ғылым саласын дамытуға айтулы үлес қосқан ғалымның құнды еңбектері де арқау болды.


Жақсыбек Күлекеев, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:

Бұл кісінің ғылымға көзқарасы, ғылымның қай саласымен айналысты деген сұраққа келсек, артында өте үлкен рухани дүние қалды деп айтуға болады. Кенжеғали Әбенұлын өзімнің рухани жетекші ретінде қатты бағалаймын. Біздің егеменді тарихымызда орнықты, өзінің орнын алатын тұлға дер едім.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу