Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті

04.06.2015
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті.

Кездесу барысында кеңес қызметінің негізгі бағыттары, оның жұмысын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан экономикасындағы ауыл шаруашылығы саласын қоса қамтитын түрлі секторларды дамытуға банктің қатысу мәселелері қаралды. 

Қазақстан Президенті Еуропалық қайта құру және даму банкі еліміздің стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. 

«Біз негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бірқатар халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтасып отырмыз. ЕҚДБ біздің елімізде шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылым, индустрия және инновацияларды қоса қамтитын түрлі бағыттарда жұмыс жүргізеді.

Атап айтқанда, Сіздің банктің қолдауымен ауқымды «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы жүзеге асырылуда, осыған байланысты ризашылығымды білдіргім келеді», - деді Мемлекет басшысы.

С.Чакрабарти Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жолындағы бағдарының маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастық бұдан әрі де жемісті болады деп үміттенетінін жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Хабарламаларға жазылу