Суданда құрбандар саны 270 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда құрбандар саны 270 адамға жетті

19.04.2023

Суданда қарулы қақтығыс әлі тоқтаған жоқ. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, мемлекет астанасы Хартумда атыс-шабыс бесінші күнге ұласып отыр. Соңғы мәліметке сай, 270 адам қаза тауып, жараланғандар саны 2600-ге жеткен. Суданда қақтығыстың басталуына армия қолбасшысы Әбдел Фаттах әл-Бурхан мен Жедел қолдау күштерінің жетекшісі Мұхаммед Дагало арасындағы билікке талас себеп болды. Бурхан азаматтық үкімет құру үшін Дагалоның күштері армияның қарамағына өтуі керек деп есептейді. Қарсы жақ болса, бұл идеяны мақұлдамай, қолына қару алған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу