АҚШ-ғы мектепте болған атыстан құрбандар саны 21 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-ғы мектепте болған атыстан құрбандар саны 21 адамға жетті

25.05.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байденге Техас штатының Ювалде қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Айта кетейік, бастауыш мектепте болған атыстан 19 оқушы қаза тапты. Сонымен қатар, 2 ересек адам жан тәсілім еткен. Олардың біреуі - мұғалім. Ал, оларға оқ жаудырған 18 жастағы Сальвадор Ромасты полицейлер оқиға орнында атып тастады. Мектепке бармас бұрын Ромас әжесін де өлтірді деген мәлімет бар. Оның мұндай ауыр қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Трагедияға байланысты президент Джо Байден мәлімдеме жасап, құрбандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Және де ол қару саудасын шектеу заңын қабылдауға кедергі жасап отырған лоббиге қарсы дереу шара қолдануға шақырды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу