Петропавлда 700 саяжайды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 700 саяжайды су басты

19.04.2023

Петропавлда 700-ге жуық саяжайды су басты. Екі күннен бері Есіл арнасынан асып жатыр. Соңғы тәулікте өзен деңгейі 10 сантиметрге көтерілді. Мамандардың айтуынша, бүгін-ертең тасқын шарықтау шегіне жетеді. Тұрғын үйлерге су кіру дерегі тіркелген жоқ. Ал «Челябі-Новосібір» халықаралық маңызы бар автожолы әлі жабық. Мұнда трасса үстінен өткен судың тереңдігі 55 сантиметр, ұзындығы 250 метр. Төтенше жағдай департаментінің мамандары жағдай бақылауда екенін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу