Атышулы «Оператор РОП» ісіне байланысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оны елорданың Байқоңыр аудандық сот қарауда. Бұл жолы айыпталушылар соттан фото және видео материалдарды БАҚ беттерінде жариялауға тиым салуды сұрады. Бұл талапты айыпталушылардың бірі компанияның экс-Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев те қолдады. Шешім шығару бейсенбі, яғни 20-сәуірде өтетін сот отырысына қалдырылды.
Райхан Сайранбек